«ХІV Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясы

Ұйымдастырушы комитет 2014 жылдың 11 сәуірінде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен жас ғалымдардың, студенттер мен мектеп оқушыларының «ХІV Сәтбаев оқулары» атты халықаралық ғылыми конференциясына шақырамыз. Конференцияға қатысуға ғалымдар, оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер және мектеп оқушылары (5 сыныптан 11 сыныпқа дейін) шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

Конференция материалдарын жариялау үшін 2014 жылдың 10 наурызына дейін толтырылған тіркеу парағы мен Microsoft Оffice Word (2003, 2007, 2010) редакторында терілген А4 форматтағы 5 беттен аспайтын мақаланы жауапты хатшының жоғарыда көрсетілген электрондық поштасына жолдауыңыз тиіс. Әр файлда бір ғана жұмыс болуы және мақала авторының тегімен аталуы қажет. Ғылыми мақала секцияның тақырыбымен сәйкес, өзекті, ғылыми жаңалығы, болжамдардың негізділігі болуы тиіс. Сонымен қатар төменде көрсетілген орфография, тыныс белгілерінің ережелеріне және ресімдеу талаптарына сай болуы қажет.

Конференция сұрақтары жөнінде мына мекен-жайға хабарласуыңызға болады: Павлодар қ., Ломов көшесі, 64-үй, С.Торайғыров атындағы ПМУ, 238а кабинеті, ғылым және инновациялар Департаментінің ғылыми-әдістемелік бөлімі, тел.: 8 (718-2) 673-683.

Жол жүру және тұрғын үй шығындары конференцияға қатысушылардың өз есебінен.

Конференцияға қатысуларыңыз, келулеріңіз және тұрғын үйге өтінімді 2014 жылдың

28 наурызына дейін хабарлауыңызды сұраймыз.

Төлем үшін реквизиттер: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар қ., Ломов көш., 64-үй, РНН 451 800 030 073, БИН 990 140 004 654, АО «Цеснабанк», ИИК KZ 579 98 FTB 000 000 3310, БИК TS ES KZ KA.

Ақпараттық хат