«Бәсекеге қабілетті қоғам тірегі – Ұстаз: «Мәңгілік Ел» – Ұрпақтың мәңгілік болашағы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 2014 жылы 14-15 наурызда өтетін «Бәсекеге қабілетті қоғам тірегі – Ұстаз: «Мәңгілік Ел» – Ұрпақтың мәңгілік болашағы» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады.

Аталған конференция Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясымен бірлесе өткізіледі.

Конференция жұмысына қатысуға алыс және жақын шетелдерден Ұлыбританияның «Кембридж» университеті, Санкт-Петербург мемлекеттік психология және әлеуметтік жұмыс институты, Германияның «Гумбольдт университеті», Латвияның «Халықаралық Балтық Академиясы», АҚШ-тың Оңтүстік Методикалық университеті, Португалияның «Лиссабон Жаңа университеті» мен отандық ғылыми-зерттеу институттарының, ЖОО-лардың маңызды ғылымизерттеу нәтижелері бар ғалымдары шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері

Конференция жұмысыкелесісекцияларбойыншаөткізіледі:

1. Педагогика және психология ғылымдарының «Қазақстан-2050» ­– Ұлттық идея «Мәңгілік ел» стратегиясынан туындайтын тұлға тәрбиелеу, қалыптастыру жүйесіндегі заманауи бағыттары

2. Тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері

3. Жаратылыстану және қолданбалы ғылымдардың қазіргі бағыттары

4. Мемлекеттілікті қалыптастыру тарихы және Қазақстанның қоғамдық саяси дамуының өзекті мәселелері

5. Білім беру жүйесінде оқытудың инновациялық технологиясын пайдалану және стратегиялық бағыттарды жүзеге асыру жолдары.

Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі және электрондық нұсқалары (2 данадан) және ұйымдастыру жарнасы (2500 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен немесе төмендегі мекенжайда 2014 жылдың 28 ақпанына дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі, 13 үй, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, Бас ғимарат, 110, 111 каб.

Конференцияға қатысуға байланысты шығындар қатысушылар есебінен қарастырылады.

Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы:Бегалиева Рауан Нармаханқызы – 87019836014; Анықтама үшін телефон: Байғұтова Ақлима Мархабатқызы – 87056870950, 87023164227; e-mail: okmpi_nauka@mail.ru.

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз: Телефон: +7 (7252 21 03 70) Факс: +7 (7252 21 40 06)

E-mail: okmpi_nauka@mail.ru

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институттың ШЖҚ РМК банк деректемелері:

ИИН – KZ 5692608001159775000

«Казкоммерцбанк» АҚ

БИК KZKOKZKX

БИН: 1107400004288

КБЕ 16

«Конференцияға қатысу үшін» деп көрсетесіз.

Ақпараттық хат