21-22 сәуірінде студенттік бизнес-жобалар республикалық сайысы өтеді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі комитеті Enactus Kazakhstan директорлар кеңесімен Алматы қаласында 2014 жылғы 21-22 сәуірінде студенттік бизнес-жобалар республикалық сайысы өтетінін хабарлайды. Жеңімпаз атанған студент Пекин қаласында өтетін халықаралық сайыста Қазақстан намысын қорғау құқығына ие болады.

Іс-шараға қатысушы студенттер үшін Enactus Kazakhstan директорлар Кеңесі жетекші серіктестері жетекші серіктестері өткізетін тегін жаттықтырушы семинарлар, шеберлік сабақтар Құрылтайын ұйымдастырады.

Құрылтай Алматы қаласында 2014 жылғы 13 ақпанда өтеді.

Қатысушыларға Enactus Kazakhstan ұлттық кеңсесінде тіркелуі қажет.

Эл. пошта: info@enactus.kz, тел. 8 (72 73) 97-72-64

Жол ақысы және тұру қатысушылардың өз есебінен.

Ақпараттық хат