«Әлемдегі өркениет және оның дамуындағы ғылымның әлеуетін арттырудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті 2014 жылдың 18-19 сәуір айында «Әлемдегі өркениет және оның дамуындағы ғылымның әлеуетін арттырудың өзекті мәселелері» тақырыбында өткізілетін халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Ғылыми конференцияға қатысу үшін Қазақстанның және шет елдердің ғалымдары, сондай-ақ білім беру, зерттеу мекемелерінің және басқа ұйымдардың қызметкерлері, кәсіпкерлер және мемлекеттік органдардың өкілдері шақырылады.

Конференцияның ғылыми бағдарламасы

Конференцияда пленарлық мәжіліс, секциялар бойынша жұмыс, «дөңгелек» үстел өткізу қарастырылған.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

1. Жалпы өркениетті даму шегінде Қазақстан құқықтық жүйесінің жетілдіру мәселелері

2. Педагогикалық білім беруде интеграциялық іс-әрекет.

3. Экономиканы басқарудағы жаңаша қадамдар.

4. Білім беру жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

5. Полилингвизм және тілдерді үйренудегі инновациялық технология.

6. ХХІ ғасырда жаратылыстану-гуманитарлық ғылымдардың дамуының жаңа тенденциялары.

Конференцияға қатысу талаптары және шарттары

Конференцияда пайдаланылатын тілдер: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Халықаралық конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне 2014 жылдың 7 наурыз айына дейін келесі құжаттарды пошта және электрондық пошта арқылы жолдау қажет:

– конференцияға қатысуға өтінім (қоса берілген формада);

– төменде көрсетілген талапқа сәйкес ресімделген мақала (көлемі 4 бетке дейін);

– төлем жасалғаны туралы түбіртек.

Өтінімді және мақаланы келесі электрондық почта мекен-жайына жолдау қажет: Zhgtu.nauka@mail.ru

Конференция материалдарының жинағын басып шығару үшін келесі деректемелер бойынша

3000 теңге мөлшерінде ұйымдастыру жарнасын төлеу қажет:

РНН 211500232376. Есеп шот KZ066010161000047997

КБЕ 17. Банк: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЖФ, Тараз қ.

БИК: HSBKKZKX. БИН: 070640000470. КНП – 861

Төлемнің мақсаты: конференцияға қатысу үшін, қатысушының аты-жөні көрсетілсін. Ұйымдастыру комиететі мазмұны және ресімделуі талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды жариялаудан бас тартуға құқылы.

Қатысушылар конференцияға келу шығындарын өздері көтереді.

Конференцияға қатысу үшін материалдарды келесі мекенжайға жолдау қажет:

Қазақстан Республикасы, 080000, Тараз қ., Қолбасшы Қойгелді к., 171,

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті.

Е-mail: Zhgtu.nauka@mail.ru Байланыс телефондары: 8(7262) 45-68-39, ішкі нөмір: 122, факс: 8(7262) 45-37-48.

Байланыста: Абдрахманова Раушан және Алишерова Нұршат – ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар бөлімінің бас мамандары.

Ақпараттық хат