«Қазақстан – 2050: білім, ғылым, патриотизм» атты республикалық жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясы

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті Сіздерді 2014 жылдың 14-15 наурызында өтетін «Қазақстан – 2050: білім, ғылым, патриотизм» атты республикалық жас ғалымдардың ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

Конференция мақсаты: Жастарға білімді, ғылымды және патриоттық тәрбиені берудің өзекті мәселелерін шешуде ғылыми көзқарасты қалыптастыруға ықпал ету.

Ғылыми конференцияға оқытушылар, магистранттар, студенттер, зерттеу мекемелерінің және басқа ұйымдардың қызметкерлері мен өкілдері қатыса алады.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі:

1 СЕКЦИЯ: Қазақстандық қоғам модернизациясы аясындағы құқықтық сана, құқықтық мәдениет және құқықтық тәрбие

2 СЕКЦИЯ: Қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселелер

3 СЕКЦИЯ: Қазақстанның инвестициялық саясаты-экономиканы дамытудағы стратегиялық қадам

4 СЕКЦИЯ: «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыруда ақпараттық технологиялардың көкейкесті мәселелері

5 СЕКЦИЯ: Қазіргі филологияның даму перспективалары.

6 СЕКЦИЯ: Қазақстандық патриотизм негіздері мен қалыптастыру жолдары.

Баяндаманы (мақаланы) ресімдеуге қойылатын талаптар

Баяндама (мақала) көлемі 4 беттен аспайтын Word 2003 редакторында, форматында, Times New Roman шрифтімен, А4 форматында, мөлшері-12, аралық интервал – 1,0, азат жол – 0,9 см. «Normal» немесе «Обычный» стилінде болуы керек. Парақтың сол жағында – 3 см, басқа жақтары – 2 см бос жерлер қалуы тиіс. Жоғары сол жақта ӘОЖ жазылады. Мақала тақырыбы БІРЫҢҒАЙ ҮЛКЕН ҚАРА әріптермен, одан төмен автордың аты-жөні, одан кейінгі қатарға мекеме атауы, қаласы жазылады. Сканерленген немесе интернеттен тікелей көшірілген мәліметтер қолданылмауы тиіс.

Баяндама мен өтінішті, сканерленген түбіртекті электронды поштамен Zhgtu.nauka@mail.ru жіберу керек. Ұйымдастыру комитеті конференция жұмысының негізгі бағыттарынан тыс баяндамаларды, жоғарыда көрсетілген талаптарға сай емес тезистерді жарияламауға құқылы.

Конференция материалдары жинағын басып шығару үшін 3000 теңге көлеміндегі ұйымдастыру жарнасын келесі есеп шотқа аудару керек:

Деректеме:

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті:

Мекенжайы: 080000, Тараз қ., Қолбасшы Қойгелді к., 171

СТН 211500232376. Есеп шот KZ066010161000047997

КБЕ 17. Банк: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЖФ, Тараз қ.

БИК: HSBKKZKX. БИН: 070640000470. КНП – 861

Төлемнің мақсаты: конференцияға қатысу үшін.

Қатысушының аты-жөні көрсетілсін.

Баяндама мен өтініштер Zhgtu.nauka@mail.ru

2014ж. 14 ақпан айына дейін қабылданады.

Байланыс телефоны: 8(7262) 45-68-39, тел.факс 8(7262) 45-37-48.

Ақпараттық хат