«Жер және аспан денелерін зерттеудің жетістіктері мен келешегі: іргелі, қолданбалы және ғылыми-әдістемелік аспектілер» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2014 жылғы 10 сәуір күні М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Жер және аспан денелерін зерттеудің жетістіктері мен келешегі: іргелі, қолданбалы және ғылыми-әдістемелік аспектілер» (СҚМУ астрономиялық зерттеулерінің 25 жылдығына арналған) тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.

Конференция жұмысын келесі бағыттар бойынша өткізу жоспарланып отыр:

1. Күн жүйесі мен алыс ғарыштың астрофизикалық зерттеулері

2. Күміс тәріздес бұлттар мен жер жанындағы ғарыштық кеңістік зерттеулері

3. ЖҚББ әдістерін қолданудың тәжірибелік аспектілері

4. Ғарыш пен плазма физикасын зерттеудегі ақпараттық технологиялар

5. Физика-математикалық зерттеулер және олардың нәтижелерін оқу үдерісінде қолдану

Конференция жұмысы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін өтініш, баяндама мәтінін (ұсынылған талаптарға сәйкес ресімделген) және конференцияның ұйымдастыру мен баспаға шығару шығынын өтейтін тіркеу жарнасын (3000 теңге көлемінде) жіберу қажет. ТМД және РФ қатысушылары үшін төлемақы көлемі төлем жүргізу сәтіне ХҚВ курсына сәйкес 700 рубльді құрайды. Баяндамалар 2014 жылдың 1 сәуірге дейін электронды түрде ұсынылуы керек. Конференция материалдары бойынша еңбектер жинағы шығарылады.

Ұйымдастыру жарнасын төлем құжатында «Ф.И.О, «Жер және аспан денелерін зерттеудің жетістіктері мен келешегі» деп көрсете отырып, келесі реквизиттерге Петропавл қаласындағы «ЦентрКредит Банкі» АҚ ЖСК KZ 938560000000013451, БСК KCJBKZKX, код 16, төлемге арналған код 859, аударуды өтінеміз.

Іссапар шығыны қатысушылар есебінен.

Материалдарды жолдайтын мекен-жай:

150000, Қазақстан Республикасы, Петропавл қ., Пушкин көшесі, 86, СҚМУ, Астрофизикалық зертту орталығы.

e-mail: petropavl.konf.2014@gmail.com (1-4 бағыттарға), min_1_fit@mail.ru (5 бағытқа)

Тeлефон: +7 7152 36-42-59, 49-40-42 (қосымша: 10-60)

Ақпараттық хат