15 сәуірде «Ғылым мен жастар – болашақтың интеллектуалды потенциалы» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтеді

2014 жылдың 15 сәуірінде Батыс-Қазақстан Инженерлік-Гуманитарлық Университеті мен «Еуразия» Батыс-Қазақстан тілдер мен менеджмент институты «Еуразия» Батыс-Қазақстан тілдер мен менеджмент институты халықаралық жас ғалымдардың «Ғылым мен жастар – болашақтың интеллектуалды потенциалы» ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференцияның басты мақсаты – жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігін артырып, оларды қазіргі заманғы ғылымның көкейкесті мәселелерін шешуге жұмылдыру және жалпы ғылыми білім беретін кеңістікті дамытып сақтау. Конференция жас ғалымдарды біріктіріп, жастардың іргелі және қолданбалы зерттеулерге қызығушылықтарын арттыруға шақырады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

  • Қазақстан экономикасының даму жағдайы мен келешегі жас ғалымдардың көз қарасымен
  • Қоғам дамуының жаңа кезеңіндегі ақпараттық технологиялар
  • Шет тілдерді оқытудағы заманауи әдістемелердің теориясы мен тәжірибесі
  • Қазіргі заманғы қоғамдық-мәдени және лингвистикалық ілімдердің көкейкесті мәселелері
  • Қазіргі заманғы қоғам дамуының қоғамдық-саяси көрінісі

Конференцияға ізденушілерді, аспиранттарды, магистранттарды және осы мәселелер бойынша зерттеулер жүргізетін Қазақстан мен шетел студенттерін қатысуға шақырамыз.

Конференция жүргізілетін тілдер-қазақша, орысша, ағылшынша.

Қатысуға өтінім мен баяндама мәтіні 2014ж. 5 сәуірге дейін қабылданады.

Қатысу нысаны: күндізгі, сырттай.

Конференцияға қатысуға ұйымдастырушылық жарна 2000 теңгені құрайды.

Көрсетілген уақыттан кейін ұсынылған немесе сәйкесінше талаптармен толтырылмаған материалдар қабылданбайды және кері қайтарылынбайды. Ұйымдастырушы комитет мақалаларды іріктеуге құқылы. Төлем-ақы түбіртек көшірмесін қоса тіркеу керек.

Орал қаласындағы конференция қатысушыларының жол ақысы мен мекендеуі іссапарға жіберетін жақпен қарастырылады.

Конференцияға қатысуға және материалдар жинағын басып шығаруға көрсетілген нұсқада өтінім мен баяндаманы электронды пошта арқылы жіберу қажет немесе электронды түрде мына мекен-жай бойынша Орал қаласы, д.Достық 194, 4 қабат, каб.410/2 алып келу қажет, сонымен қатар ұйымдастыру жарнасы жайында растаманы(мақала авторының фамилиясы көрсетілген түбіртек көшірмесін) 2014ж. 5 сәуірге дейін көрсету.

Жауаптылар: Матжанова Г.Ж. –ҒЖ және ХҚ жауапты

Тел. 8-(4-7112) 511075, 8 777 255 1441

е-mail: gulviram@mail.ru

Нарушева Лаула – конференция хатшысы

Тел. 8 7785584138

е-mail: l.n-2011@bk.ru

Ақпараттық хат