Астанада «Қызғалдақ балы» өтеді

2014 жылғы 29 наурызда алғаш рет Астана қаласында жастар мәдени қайырымдылығына арналған «Еуразия жүрегінде» атты «Қызғалдақ балы» өтеді.

Іс-шараның мақсаты – Астана жастарын әлемдік классикалық мәдениетке және рухани байлықтарды дамытуға тарту болып табылады.

«Қызғалдақ балы» – ең алдымен қайырымдылыққа, салауатты өмір салтына және жастардың рухани дамуына арналған іс-шаралар жиынтығы.

«Қызғалдақ балы» туралы толық ақпарат www.tulipball. kz сайтында.