31 қаңтарда кәсіпкерлік саласындағы спикер Джефф Хоффманмен (АҚШ) кездесу өтеді

2014 жылдың 31 қаңтарында оқу-зертханалық ғимараттың 821 аудиториясында ерекше кездесу өтеді: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге кәсіпкерлік саласындағы спикер Джефф Хоффман мырза (АҚШ) келеді. Ол «Энергия мен қарым-қатынас – арманға жетудің бірден-бір жолы» тақырыбында баяндама жасамақ.

Кездесу ұзақтығы – 60-тан 90 минутқа дейін.

Баяндамадан соң қатысушылар Джефф Хоффман мырзаға өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарды қою мүмкіндігіне ие бола алады.

Кездесудің басталуы: сағат 14.00.

Джефф Хоффман (Jeff Hoffman) – кәсіпкер, Priceline.com uBid.com & Colorjar негізін қалаушы және директоры. Студент кезінен кішігірім стартаптан бастап бүкіл әлем бойынша бизнес пен экономикалық даму жөніндегі іс-шараларды қолдау үшін Ақ үй, президент әкімшілігі, АҚШ-тың Мемдепартаменті, АҚШ-тың сауда министрлігіндегі қызметке дейін көтерілген. Inc. Magazine журналында инновациялар мен кәсіпкерлік туралы айдарды жүргізеді.