2014-2015 оқу жылына арналған үндістандық университеттерде / білім беру мекемелерінде білім алу үшін Үнді Үкіметінің білім беру гранттары жайлы ақпарат

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің халықаралық бағдарламалар бөлімі 2014-2015 оқу жылына арналған үндістандық университеттерде / білім беру мекемелерінде мәдени байланыстар жөніндегі Үнді Кеңесінің жалпымәдени жобасының бағдарламасы (ICCR) бойынша білім алу үшін Үнді Үкіметінің білім беру гранттары жайлы хабарлайды.

Аталмыш гранттар өнер / ғылым саласында, докторантуралар/пост/докторлық зерттеулер, әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар мен атқарушы өнер салаларында кадрларды даярлауда бакалавриат, магистратураларға арналған. Үміткерлер Үнді елінде жоғары білім алу үшін ағылшын тілін жеткілікті білуі тиіс. Магистратура / PhD докторантура / пост-докторлық білім, атқарушы өнер немесе сәулетке үмітті студенттер ұсынылған зерттеу саласына қысқаша шолу жасап, баяндаулары қажет.

Қосымша ақпаратты мына сілтеме http://www.iccrindia.net/scholarshipschemes.html арқылы алуға болады.

Үміткерлердің өтінімімен қоса (6 дана) келесідей мәліметтер қамтылуы қажет:

  • Үміткерлердің білімін растау;
  • Тақырыпты, бағытын көрсету;
  • Таңдалған университет.

Өтінімдер 2014 жылдың 31 қаңтарына дейін Үнді мәдени орталығының директорына, Үнді Елшілігі, С-15 Дипломатиялық қалашық, Сол жағалау, Астана 010000 мекен-жайына жіберілуі тиіс.