«Отандық білім беру сапасын арттырудағы бизнес-білім беру бағдарламаларын аккредиттеу» дөңгелек үстелі

Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінің Халықаралық Бизнес Мектебі (IBS) 2014 жылдың 23 қаңтарында «Үздіксіз экономикалық білім: оқуды жетілдіру мен әдістемелік қамтамасыз ету» IX республикалық оқу-әдістемелік конференциясы аясында «Отандық білім беру сапасын арттырудағы бизнес-білім беру бағдарламаларын аккредиттеу» дөңгелек үстелін өткізеді.

Дөңгелек үстел жұмысы аясында бизнес-білім беру бағдарламаларын аккредиттеу тәртібі мен ережелер, оқыту нәтижелерін талдау мен бағалау, бизнес-білім беру бағдарламаларын жетілдірудегі оқытушының рөлі сынды мәселелер талқыланады деп жоспарлануда. Ұлттық және халықаралық аккредиттеуден өткен ЖОО өкілдері өз тәжірибесімен бөлісіп, білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша практикалық сипаттамалар беретін болады.

Кәсіби мамандарды сапалы даярлауда қазақстандық ЖОО-лардан қоғам дамуының заманауи үрдістері, әлемдік экономикалық жүйеге бірігу талап етіледі. Қазіргі таңда ұлттық экономиканың басым салалары бойынша кәсіби біліктілігі жоғары кадрларды даярлау өзекті мәселе. Бұл ретте бизнес-білім берудің рөлі аса маңызды, өйткені бұл сала еңбек нарығымен тығыз байланысты. Білім беру сапасын арттырудың ең тиімді әлі нақты құралы – білім беру бағдарламалары мен білім мекемелерін аккредиттеу болып табылады. Аталмыш тақырып ЖОО-лар үшін әрі олардың білім беруде нәтижеге қол жеткізулерімен қатар білім беру бағдарламалары сапасының жоғары болуын қамтамасыз етуді көздейді.

Қатысу үшін ұсынылған форманы толтырып, электрондық мекен-жайға жіберулеріңіз қажет: e-mail: int_ibs@kazeu.kz, IBS_PDP@mail.ru немесе факс: (727) 3771381 (2014 жылдың 21 қаңтарына дейін).

Анықтама телефоны: (727) 3771378, 3771379, 3771393

Ақпараттық хат