«Техникалық ЖОО-да білім беруді ұйымдастырудың инновациялық технологиялары» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция

2014 жылдың 15-16 сәуірінде «Техникалық ЖОО-да білім беруді ұйымдастырудың инновациялық технологиялары» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді. Конференцияға қатысуға білім беру басқармасы органдарының мамандары, жоғары және орта білім беру мекемелерінің жетекшілері, оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер, докторанттар және аспиранттар шақырылады.

Конференцияның мақсаты: білім беру сапасын арттырудың міндетті шарты ретінде педагогикалық жұмыскерлердің кәсіби біліктілігінің деңгейін арттыру. Жинаққа сәйкес ӘОЖ, КБЖ кітапханалық индекстер мен (ISBN) халықаралық стандартты кітап нөмірі беріледі. Мақалалар жинағы Ресей ғылыми дәйексөз алу индексінің наукометриялық базада тіркелетін болады.

Конференцияның тақырыбы:

1 – Секция. Білім беру жүйесін басқару:

– білім беруді дамытудың халықаралық үрдістері;

– негізгі білім беру бағдарламаларын жобалау тәжірибесі;

– қазіргі білім беруде инновациялық процестерді ғылыми-әдістемелік қолдау;

– студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру проблемалары;

– дистанциялық білім беру технологиялары, электрондық оқу;

– білім беру жүйесіндегі шетел тілі.

2 – Секция. Білім берудегі біліктілік тәсілі:

– білім алушылардың біліктілін дамытудағы инновациялық тәсілдер;

– оқытушының кәсіби біліктілігі;
– пәнаралық қатынастарды жоспарлауда біліктілік тәсілдерін жүзеге асыру;

– білім алушылар мен түлектердің біліктілігін бағалау бойынша өлшеу материалдары.

3- Секция. Ғылым, бизнес, оқу үдерісі мен өндіріс ықпалдастығы:

– оқу үдерісіндегі ғылымды қажетсінетін технологиялар;

– білім беру жүйесін дамытуға бағытталған білім беру мекемелері, бизнес, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын қалыптастырудың тиімді үлгілері;

– жоғары мектептегі коммерциялау мен білім беру сапасының мәселелері;

– аймақтық еңбек нарығының ерекшелігі; студенттерді жұмыспен қамтамасыз ету проблемалары.

4 – Секция. Білім берудегі ақпараттық технологиялар:

– білім беру мекемесінің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру;

– оқытудағы ақпараттық технологиялар.

5 – Секция. Пән оқыту әдістемесін жетілдіру:

– әлеуметтік-гуманитарлық пәндер;

– жаратылыстану ғылымдар пәні;

– техникалық пәндер;

– экономикалық-басқарушылық пәндер;

– шығармашылық бағыты бар пәндер;

– орыс тілі шетел тілі ретінде;

– техникалық ЖОО-дағы педагогика мәселелері.

6 – Секция. Үздіксіз білім беру проблемалары:

– ЖОО-ға дейінгі дайындық;

– кәсіби қайта дайындық және біліктілікті арттыру;

– қосымша білім: жағдайы, проблемалры, келешегі;

– білім берудің заманауи технологиялары.

7 – Секция. Мамандарды даярлауда сапамен қамтамасыз етудің валеологиялық аспектілері:

– замнауи мамандарды даярлаудағы психологилық аспектілер;

– студенттерді әлеуметтік тұрғыдан қолдау;

– денсаулық сақтау технологиялары;

– тәрбие беру проблемалары.

Конференцияға қатысу үшін 2014 жылдың 4 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетіне талаптарға сай жазылған мақала мәтінін жіберу қажет.

Конференциның ресми тілдері – орыс, ағылшын, неміс.

Байланыс:

440028, Пенза қаласы, Титов көшесі, 28, ПСҚУ, ҒӘО, 3407 ком.

Ғылыми-әдістемелік орталықтың телефоны: (841-2) 48-43-03, қосымша: 11-20;

телефон/факс: (841-2) 49-72-77.

Конференцияның сайты: http://www.pguas.ru/unit/nmc/nauka/metodkonf/

E-mail: nmc@pguas.ru

Байланыс – ПСҚУ-дың ғылыми-әдістемелік орталығының бастығы Кучина Вера Викторовна.

Ақпараттық хат