15 қаңтарда «Сергектік және денсаулық – 2014» дәстүрлі спартакиаданың ашылуы өтеді

Назар аударыңыз!

15 қаңтарда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Еуразия» спорт кешеніне қатысушылар мен жанкүйерлерді «Сергектік және денсаулық – 2014» спартакиаданың ашылуына шақырамыз.

Сағат 15.00 – волейбол бойынша «ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ОЙЫНЫ». Факультет декандарының командасы – Ректор мен проректорлардың командасы.

Сағат 15.30 – Шеру – спартакиаданың ашылуы.

Сағат 16.00 – футбол бойынша «ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ОЙЫНЫ». Факультет декандарының командасы – Ректор мен проректорлардың командасы.

Барлық сұрақтар бойынша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Спорт клубына хабарласуларыңызға болады:

010008 Астана қаласы, Пушкин көшесі, 11, №2 оқу ғимараты, 121 каб.

tau2606@mail.ru

+7(7172) 709500 (ішкі: 34123).

Спартакиада бағдарламасы

Еске сала кетейік, Еуразия ұлттық университетінің Спорт клубы 2012 жылы құрылған болатын. Мақсаттары – студенттерге дене шынықтыру және спортпен айналысуды үнемі дағдыландыру, жағымды бейнені қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Спорт клубтың міндеттері:

– қалалық және республикалық жарыстарға қатысу, қалалық көпшілік іс-шараларға қатысу.

– университет аясында спорттық-бұқаралық шараларды ұйымдастыру және өткізу.

– Астана қаласының ЖОО арасында қалалық спартакиадаға қатысу.

Спорт клубтың жаттықтырушылары әр түрлі спорт түрінен спорттық атақтарға ие тәжірибелі жетекшілер болып табылады:

– Х.Ж. Қожахмет– самбо күресінен ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазақша күрес бойынша ҚР спорт шебері;

– Д.О. Оразов– самбо күресі бойынша КСРО спорт шебері;

– О.А. Процюк– гандбол бойынша КСРО спорт шебері;

– Д.М. Еремеев– жүзу бойынша ҚР спорт шебері;

– И.В. Рыбин– регби бойынша ҚР спорт шебері;

– О.А. Волков– армрестлинг бойыша ҚР спорт шебері; ;

– Е.А. Бабаев– бокс бойынша ҚР спорт шебері;

– Л.И. Козлова–волейбол бойынша ҚР спорт шебері;;

– О.А. Дәуренбекова– футбол бойынша Ресейдің спорт шебері.

2013-2014 оқу жылында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де 39 спорттық секциялар жұмыс істейді.