Орталық Еуропа Университетінің 2014-2015 академиялық жылына арналған магистратура мен докторантураның гранттық бағдарламасына қатысуға арналған құжаттар 23 қаңтарға дейін қабылданады

Орталық Еуропа Университеті (ОЕУ) 2014-2015 академиялық жылына арналған магистратура мен докторантураның гранттық бағдарламасын жариялайды.

Орталық Еуропа Университеті Будапештте (Венгрия) орналасқан. Жұмыс тілі – ағылшын. ОЕУ 100-ден астам мемлекеттен келген студенттер білім алатын, 40-тан астам елден келген оқытушылар сабақ беретін халықаралық университет болып табылады. ОЕУ кішігірім семинар түріндегі курстарды ұсынады. ОЕУ АҚШ пен Венгрияда аккредиттеуден өткен.

Бағдарламаның академиялық салалары (MA, MPA, MS, LLM, MBA, PHD, SJD):
– Business (MBA)
– Cognitive Science (PhD)
– Economics
– Environmental Sciences and Policy
– Gender Studies
– History
– International Relations and European Studies
– Legal Studies
– Mathematics and its Applications
– Medieval Studies
– Nationalism Studies
– Philosophy
– Political Science
– Public Policy
– Sociology and Social Anthropology

Қаржылық көмек: http://www.ceu.hu/admissions/financialaid

Аппликациялық формасы: https://apply.embark.com/Grad/CEU/70/

Студенттердің ОЕУ сайтындағы барлық нұсқаулармен танысулары қажет: http://www.ceu.hu/admissions/

Құжаттарды тапсыру мерзімі:

Erasmus Mundus атынан грантқа тапсырушылар MESPOM мен Mundus MAPP-қа құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі 2014, 2 қаңтар, 24:00 Pacific Standard Time (PST). Ресми тестілеуден өткені туралы сертификат құжаттармен бірге болуы тиіс. Магистратура мен докторантураның негізгі мерзімі: 2014, 23 қаңтар, 24:00 Pacific Standard Time (PST).

Толық ақпаратты мына жерден www.ceu.hu ала аласыздар.