ЕҰУ-дың Жас ғалымдар кеңесі ұжымдық монаграфияны жариялауға материалдар қабылдауды ашық деп жариялайды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жас ғалымдар кеңесі ұжымдық монаграфияны жариялауға материалдар қабылдауды ашық деп жариялайды: «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жас ғалымдарының ғылыми жұмыс жазулары бойынша әдістемелік нұсқаулары (ғылымның барлық бағыттары бойынша)».

Жариялау үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің мамандары мен жас ғалымдары шақырылады.

Жарияланымдар келесі тақырыптардың (бағыттардың) біреуіне сәйкес келу керек:

1. Ғылыми мақала жазуға арналған әдістемелік ұсыныс

2. Дипломдық жұмысты рәсімдеу және жазуға арналған әдістемелік нұсқау

3. Магистрлік диссертацияны рәсімдеу және жазуға арналған әдістемелік нұсқау

4. Жоғарғы импакт фактор және шетел журналдарына мақала жариялау және жазу әдістемесі (РИНЦ, Thomson Reuters Science, Scopus).

5. Семинар және дәріс сабақтарын өткізуге арналған әдістемелік ұсыныс: Жоғары мектептептегі оқытудың жаңа әдістері.

Жарияланым екі тілде (қазақ және орыс) жоспарлануына байланысты материалдарды екі нұсқада қазақ және орыс тілінде жиберулеріңіз қажет.

Материалдарды жариялау Ұлт Көшбасшысы ҚР бірінші Президенті қорының есебінен жүзеге асырылады. Ұйымдастыру жарнасы-кажет емес.

Материалдарды «Жас ғалымдар кеңесі» деген белгімен электрондық почта арқылы келесі адреске жиберулеріңіз қажет sajasata@mail.ru.

Материалдарды қабылдау 2014 ж. 1 наурызына дейін. Аталған монография талаптары мен тақырыптарына сәйкес рәсімделмеген материалдар жарияланбайды.

Ақпараттық хат