10 қаңтарда Темпус ұлттық кеңсесінің үйлестірушісімен кездесу өтеді

10 қаңтар күні Еуразия ұлттық университетінде Темпус ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Темпус жаңа жобалар үйлестірушілерінің өкілдерімен кездеседі.

Өтетін уақыты: сағат 14.00 – 16.00.

Өтетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың оқу-әкімшілік (бас) ғимараты, 259 ауд.

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласуларыңызға болады: +7 (7172) 709500 (ішкі: 31298).

Темпус – Еуропа Одағының (ЕО) Шығыс Еуропа, Орта Азия, Батыс Балкан және Жерорта теңізі аймағындағы серіктес-елдерде жоғары білім беруді жетілдіру үрдістерін, көбінесе жоғары білім беру орындары арасындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыру арқылы қолдауға бағытталған бағдарламаларының бірі. ТЕМПУС бағдарламасының басты мақсаты – ЕО және серіктес-елдерінде жоғары білім беру саласында ынтымақтастық аймағын құру.

Бүгінде Еуразия ұлттық университеті Темпустың төрт жобасының қатысушысы:

  • Қазақстандағы студенттік өзін-өзі басқару мен демократиялық қатысу. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2011-2014 жж.
  • ЖОО бағдарламаларымен сапалы қамтамасыз ету құжаттамасы. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2011-2014 жж.
  • Израиль, Әзірбайжан, Қазақстанда экологиялық жүйелерді бақылау үшін дистанциялық алдын ала тексерудің ғарыш саласында білім беруді жетілдіру. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2013-2016 жж.
  • «білім үшбұрышында» инновацияны тұрақты катализдеу үшін Орталық Азиядағы ИнноЗертханалар. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2013-2016 жж.