Индонезия Республикасы Үкіметінің стипендиалды бағдарламалары

Академиялық дәреже алусыз Индонезия Республикасы Үкіметінің стипендиалды бағдарламалары: «Darmasiswa» (Дармасисва) және IACS (The Indonesian Arts and Culture Scholarship). Аталмыш бағдарламалар Индонезия тілі мен мәдениеті, өнерін оқытуда қызығушылықты арттыру мен қолдауға бағытталған.

«Darmasiswa» бағдарламасына қатысуда үміткерлерге қойылатын талаптар:

– 35 жастан аспаған

– орташа білімі бар

– медициналық анықтама

– ағылшын тілін ауызекі сөйлеу және базалық индонезия тілін білуі керек

– Сіз өтінім беретін саланың (индонезия тілі, дәстүрлі музыка, би, қолөнер және т.б.) базалық біліміңіздің болуы.

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2014 жылдың 15 қаңтары.

Білім алу мерзімі:

1. 1 жыл – Индонезияның таңдалған ЖОО-сында индонезия тілін, дәстүрлі музыка, би, қолөнер және т.б. оқытудағы стипендиалды бағдарламасы.

2. 6 ай – Индонезияның таңдалған ЖОО-сында индонезия тілін оқудағы стипендиалды бағдарламасы.

«IACS (The Indonesian Arts and Culture Scholarship)» бағдарламасына қатысуда үміткерлерге қойылатын талаптар:

21-30 жас аралығы

– Мәдениет пен өнерге деген қызығушылық

– Үміткерлер өтінім формасын келесі құжаттармен бірге толтырулары қажет:

1) төлқұжат өлшеміндегі 3 фото;

2) кемінде 10 ай, бір жылдық мерзімдегі төлқұжаттың сканерленген көшірмесі;

3) соңғы академиялық дипломның сканерленген көшірмесі;

4) медициналық анықтама;

5) уәждемелік хат;

6) кепілдеме хаты;

7) жеке өтініш

8) ағылышын тілі мен индонезия тілін меңгеруі (міндетті емес)

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2014 жылдың 15 қаңтары.

Білім алу мерзімі:2014 жылдың 10 наурызы мен 21маусымы

Қосымша ақпаратты келесі мекен-жай арқылы ала аласыздар:

Индонезия Республикасы Елшілігі, Дип. қалашық, Сарайшық көшесі, 26/1, 010000, Астана қаласы, жұмыс тел.: 79-06-70/73

Қосымша

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

Халықаралық білім беру бағдарламалары бөлімі

Тел.: +7 (7172) 709500 (ішкі: 31457)