20 желтоқсанда «Ақселеу Сейдімбек оқулары» өтеді

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, ұлағатты ұстаз А. С. Сейдімбектің туған күніне орай Журналистика және саясаттану факультеті дәстүрлі «Ақселеу Сейдімбек оқуларын» өткізіп келеді. Биыл сол дәстүрден айнымай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасы Ғылым залында шертпе күйдің шебері, ҚР Мәдениет қайраткері Жанғали Жүзбаев пен шәкірттерінің қатысуымен «Ақселеу Сейдімбек және қазақтың күй өнері» атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылуда. Кеш 2013 жылдың 20 желтоқсанында сағат 11.00-де басталады.

Келем деушілерге есік ашық.