5 желтоқсанда Қазақстан жас ғалымдарының ғылыми жетістіктерінің көрмесі өтеді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Қоры, Жас ғалымдар кеңесі 2013 жылдың 5 желтоқсанында «Қазіргі Қазақстандағы ғылымның иноовациялық дамуы мен талап етілуі» атты жас ғалымдардың жетінші халықаралық ғылыми конференциясын ұйымдастырады.

Конференция аясында секция жұмыстары, жас ғалымдар әлеуметтанушылар, саясаттанушылардың күзгі сессиясы, «Ең үздік жас ғалымдар кеңесі» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

Сонымен қатар конференция барысында «Қазақстан жас ғалымдарының ғылыми жетістіктерінің көрмесін» өткізу көзделіп отыр. Көрменің мақсаты – ғылыми-инженерлік идеялар саласында жастардың ең үздік жетістіктерін дамыту мен насихаттау.

Көрмеге қатысу үшін электронды пошта мекен-жайына өтінімді 29 қарашаға дейін жіберу қажет: roza@fpp.kz.

Байланыс: 8 (727) 2700524

Факс: 8 (727) 2700550