«Жаһандану дәуіріндегі инновациялық менеждмент пен технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2014 жылдың 10-17 қаңтарында Үнді елінде (Гоа штаты, Bogmallo Beach Resort қонақ үйі) «Жаһандану дәуіріндегі инновациялық менеждмент пен технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Қатысу түрі – күндізгі және сырттай.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өтеді:

1. Қоғам мен тұлға:философия, әлеуметтану, психология, тарих, саясаттану мен құқықтың өзекті мәселелері.

2. Қазіргі экономика: тұрақты өсу мен даму мәселелері.

3. Қазіргі кездегі техника мен технологиялар.

4. Сапаны стандарттау, сертификаттау және басқару.

5. Білім әлемі: білім, педагогика мен андрогогика сапасын жетілдірудің өзекті мәселелері.

6. Рекреация және туризм, спорт, медицина мен денсаулық.

7. Жасыл әлем: экология мен биология, табиғатты ұтымды пайдалану, ауыл және орман шаруашылығы.

8. Тіл, мәдениет пен қазіргі ғаламдық мәселелер.

Конференция материалдары арнайы жинақта жарияланатын болады, барлық қатысушыларға таратылып, Аймақтық Менеджмент Академиясының сайтында орналастырылады: www.reqionacadem.org

Ақпараттық хат

Тіркеу формасы