ЕҰУ факультеттерінің оқу зертханалары арасында байқау өтеді

2013 жылдың 9-12 желтоқсаны аралығында «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» РМҚ келесі факультеттерінің оқу зертханаларының байқауы өтеді:

Ақпараттық технологиялар факультеті;

Жаратылыстану ғылымдар факультеті;

Көлік-энергетика факультеті;

Сәулет-құрылыс факультеті;

Физика-техника факультеті.

Байқаудың мақсаты:

– оқу-материалдық базасын нығайту мен дамыту;

– зертхана жұмысын жақсарту;

– үздік оқу зертханаларын анықтау;

– үздік зертханалардың жұмыс тәжірибесін зерттеу мен жинақтау, оны университет оқытушылары мен қызметкерлері арасында тарату.

Байқау соңында комиссия үздік оқу зертханаларын анықтап, І,ІІ және ІІІ орындарды тағайындайтын болады.

Жүлделі орындарға ие болған зертханалар дипломмен марапатталып, қызметкерлеріне ынтыландыру сыйлықтары берілмек.

Барлық сұрақтар бойынша Стратегияны жүзеге асыру жөніндегі мониторинг бөліміне хабарласуларыңызға болады: (ішкі: 31-341, 353 каб.)