Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Жұмағали Есенбек «Қазақстан және Түркия Республикаларындағы қоғаммен байланыс қызметі мен БАҚ қарым-қатынасын салыстырмалы зерттеу» тақырыбында диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 2013 жылдың 26 желтоқсанында сағат 10.00-де «6D050400 – Журналистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Жұмағали Бейсенбайұлы Есенбектің «Қазақстан және Түркия Республикаларындағы қоғаммен байланыс қызметі мен БАҚ қарым-қатынасын салыстырмалы зерттеу» тақырыбындағы диссертациясын қорғау үшін «Филология» Диссертациялық кеңестің отырысы жайлы хабарлайды. Докторлық диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында орындалды.

Ғылыми кеңесшілер: тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының профессоры Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы; социология ғылымдарының докторы, Стамбұл университетінің профессоры Хаяти Тюфекчиоглы.

Докторлық PhD диссертациясының рецензенттері: филология ғылымдарының докторы, С. Демирел атындағы университетінің профессоры Құдайберген Тұрсын; филология ғылымдарының кандидаты, Еуразия ұлттық университетінің профессоры Сақ Қайрат Өмірбайұлы.

Қорғау мемлекеттік тілде өтеді.

Диссертациялық кеңестің отырысы өту орны: Астана қаласы, Мирзоян көшесі, 2, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-әкімшілік корпусы, Диссертациялық кеңестің отырыс залы, 302-аудитория.

Аннотация (каз.)

Аннотация (рус.)

Аннотация (англ.)

Диссертация (pdf)