25-27 қараша аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де мамандандырылған және институционалды аккредиттеу бойынша БСҚТҚА-ның сарапшылар тобының сыртқы аудиті өтуде

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 25-27 қараша аралығында мамандандырылған және институционалды аккредиттеу аясында БСҚТҚА-ның сарапшылар тобының сыртқы аудиті жүргізілуде.

Мамандандырылған аккредиттеуден үш деңгей бойынша филология факультетінің білім беру бағдарламалары өтуде: бакалавриат – магистратура – докторантура. Институционалды аккредиттеуден университеттің барлық құрылымдық бөлімшелері мен факультеттері өтуде.

БСҚТҚА – Білім беру сапасын қамтамасыз етудегі қазақстандық тәуелсіз агенттігі. Агенттіктің жұмысы Қазақстанда енгізіліп жатқан жоғары оқу орындарының білім беру қызметінің сапасы туралы шынайы мәліметтерді жүйелі алу процесін қамтамасыз ететін аккредиттеу процедурасы жүйесінің механизмін жетілдіруге бағытталған.