Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Ай-Ару» рухани-танымдық студент қыздар Орталығы республикалық ЖОО студенттерінің қатысуымен желтоқсан айының 6-шы жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдығы қарсаңында халқымыздың біртуар перзенті Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туылғанына 116 жыл толуына орай «Әлемнің Әуезові» атты республикалық шығармашылық сайыс өткізеді.
Сайыстың шарттары:
Сайысқа «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Филология» мамандығы бойынша білім алатын жоғары оқу орындарының 3-курс студенттері, әрбір оқу орнынан 1 студент қатыса алады (өз жолымен келеді, университет студент жолақысын көтермейді).
Сайыс үш бөлімді қамтиды.
Бірінші кезең – тест бойынша сынақ. Барлығы 50 сұрақтан тұратын 2 нұсқада тест беріледі. Тест М. Әуезовтің жалпы шығармашылық мұрасына қатысты. Прозалық туындылары, драматургиясы, көркем аудармалары, әдеби зерттеу еңбектері, публицистикасы қамтылады.
Екінші кезең – эссе жазу қабілетіне сынақ. Эссе тақырыптары М. Әуезовтің өмірбаян өмірбаян кезеңдеріне қатысты болады.
Эссе бағыттары:
- Балалық шақ. Ата өнегесі.
- Әуезов өмірінің Семей кезеңі.
- Алаш және Әуезов.
- Әуезов және Абайтану.
- Әуезов және саяси қысым.
Үшінші кезең – тірек сөздер бойынша ауызша толғам «Абай жолы» роман-эпопеясы негізінде өтеді.
Мәселен:
- Бөжейдің асы;
- Абайдың достары;
- Аяулы аналар т.б.