«Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

Еуразия гуманитарлық институты 2013 жылдың 19 желтоқсанында «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткiзедi.

Конференцияның мақсаты: қазіргі жағдайда гуманитарлық білім беру тәжірибелерін қорыту, келешектегі даму бағыттары мен трансформациялануын белгілеу.

Мынадай секциялардың жұмысы жоспарланып отыр:

1. Педагогика және психология.

2. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: тарих, әлеуметтану, философия, әлеуметтік жұмыс, экология, валеология.

3. Қазақ және орыс филологиясы.

4. Шетел филологиясы және аударма ісі.

5. Құқықтану.

6. Экономика және қаржы.

Материалдар жинағы конференцияға дейін шығарылатын болады.

Конференция материалдарын шығару үшін қатысуға тапсырыс пен баяндама мәтінін 2013 ж. 28 қарашаға дейін жіберу қажет. Тіркеу жарнасы (ұйымдастыру және баспа шығындарын өтеу үшін) 3000 теңге.

Ақпараттық хат