Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Думан Жампеисов «Отандастардың (оралмандардың) оралуын құқықтық реттеудің өзекті мәселелері мен болашағы: салыстырмалы құқықтық зерттеу» тақырыбында диссертациясын қорғайды

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 6D030100 – «Құқықтану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін Думан Әбілтайұлы Жампеисовтың «Отандастардың (оралмандардың) оралуын құқықтық реттеудің өзекті мәселелері мен болашағы: салыстырмалы‑құқықтық зерттеу» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

Диссертация Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің мемлекеттік‑құқықтық пәндер кафедрасында мемлекеттік (қазақ) тілде орындалған (Семей қаласы).

Рецензенттер:

У. Шапақ – Қазақ гуманитарлық-заң университетінің Ұлттық құқық жоғары мектебінің директоры, заң ғылымдарының докторы, доцент (мамандығы 12.00.01 – мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, құқықтық және саяси ілімдер тарихы);

Б.О. Алтынбасов – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі «Академик С. Зиманов атындағы білім заңнамасының орталығы» ғылыми‑зерттеу орталығының директоры, заң ғылымдарының кандидаты (мамандығы 12.00.02– конституциялық құқық, муниципалдық құқық, әкімшілік құқық, қаржы құқығы).

Ғылыми кеңесшілер:

М.Х. Матаева – Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті мемлекеттік‑құқықтық пәндер кафедрасының профессор міндетін атқарушы, заң ғылымдарының докторы, доцент

Е.А. Казьмина Экономика және құқық Алтай Академиясының заң факультеті деканының бірінші орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент (Ресей Федерациясы , Барнаул қаласы).

Қорғау 2013 жылғы 20 желтоқсанында сағат 16.30-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы 6D030100 «Құқықтану», 6D030200 «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен жайы: Астана қаласы, Мұңайтпасов көшесі, 5, 302-аудитория (Диссертациялық кеңес отырысының залы).

Сайт – www.enu.kz

Аңдатпа (қаз.)

Аңдатпа (орыс.)

Аңдатпа (ағыл.)

Диссертация (pdf)