21 қарашада әлемдік философия күні мерекесіне орай «Инклюзивті қоғамдар, тұрақты планета» тақырыбында іс-шара өтеді.

«Әлемдік философия күнін өткізуге орай,

ЮНЕСКО әлемді өзгертудегі философияның мүмкіндігін

тағы да бекіткісі келеді, өйткені ол біздің әділетсіздігімізге

үлкен мағына бере отырып, ойымызға айқындық бере отырып

біздің өзімізді өзгерту қабілетіне ие. Қисынсыз сұрақтарды

қоя отырып адамзат жетістігін қорғау қажеттігіне

үлкен сенім артады».

ЮНЕСКОның Жетекші директоры

Ирина Бокованың Жолдауынан

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Философия кафедрасының «Адам-зат» философиялық-мәдениеттанулық клубы 2013 жылдың 21 қараша күні сағат 17:00-де ӘҒФ Акт залында өтетін Әлемдік философия күні мерекесіне қатысамын деушілердің барлығын шақырады.

Әлемдік философия күні 2002 жылы ЮНЕСКО-ның Париж қаласында Жетекші конференциясынның 33-ші сессиясында бекітілген. Философия кафедрасы Әлемдік философия күнін дәстүрлі түрде жыл сайын атап өтеді. 2013 жылғы Әлемдік философия күнінің тақырыбы – «Инклюзивті қоғамдар, тұрақты планета».

ЮНЕСКО Әлемдік философия күнін жыл сайын қараша айының үшінші аптасында атап өтуді ұсынған болатын. Әлемдік философия күнінің мақсаты – адамдарды философиялық мұрамен таныстыру, жаңа идеяларды қалыпты ойлау дағдысына енгізу және интеллектуалдар мен азаматтық қоғамның бүгінгі таңда қоғам алдында туындаған ашық сайыстарына қолдау көрсету.