20 қарашада «Қазақстандағы ғимараттардың энергоаудиті» аты семинар өтеді

2013 жылдың 20 қарашасында сағат 10.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас ғмимаратының 302 аудиториясында ENSI – Energy Saving International Норвегиялық консалтингтік компаниясы «Қазақстандағы ғимараттардың энергоаудиті» атты семинарын өткізеді.

ENSI – Energy Saving International Норвегиялық консалтингтік компаниясы 20 жылға жуық Орталық және Шығыс Еуропа мен ТМД дамушы елдерде «Ғимараттың энергетикалық аудиті» бойынша потенциалды жоғарлату мәселесіне техникалық көмек көрсету қызметімен айналысады. Әдістер, құралдар, бағдарламалық қамтамасыз етумен қоса, ұлттық талаптарды есепке ала отырып, жасақталған және үнемі жаңартылып отырады.

Семинар барысында ғимараттырдың энергетикалық аудитінің Еуропалық жолы ұсынылады. Сонымен қатар Қазақстанда қол жетміді ENSI әдістері мен құралдары және бағдармалық қамтамасыз етулер туралы кіріспе ақпарат және тиісті мысалдар көрсетіледі. Семинар ғимараттың энергоүнемдеу мәселесі бойынша қызығушылық білдіргендеге арналған.

Семинарды өткізушілер: Трун Далсвеен – ENSI президенті, Виктор Котомкин – (ENSI) жобаның бастаушы жетекшісі, Валерий Голубченко – (ENSI) жобаның бастаушы жетекшісі.

ENSI компаниясы туралы толық мәліметті ресми сайтынан ала аласыздар:

http://www.ensi.no