18 қараша күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың оқу-әкімшілік (бас) ғимаратының 259 ауд. сағат 14:00-де «ҒТАҰО» АҚ Elsevier компаниясымен бірлесе «Ғылыми жұмыстарды жазу өнері» тақырыбында тегін семинар өткізеді.
Семинарда келесі тақырыптар қамтылады:
- Ғылыми журналдарда қалай жариялауға болады?
- Мақалаларды қалай құрастыру қажет?
- Қолжазбаны қалай тексеруге болады?
- Мақаланы жазбас бұрын оның түрін анқытау;
Дәйексөз рейтингісі мен басқа да библиометриялық деректер.
Семинарды Elsevier компаниясының өкілі, клиенттермен жұмыс жасау жөніндегі менеджер Гамзе Кескин жүргізетін болады.
Келемін деушілерге есік ашық!