«Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Мен жастарға сенемін!» атты студент жастардың республикалық патриоттық фестивалі өткізіледі.

Фестиваль ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Жас Отан» жастар қанаты және Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

Фестивальдің мақсаты – студенттік жастардың патриоттық сезімін және Қазақстанның болашағы үшін азаматтық жауапкершілігін көтеру. Фестивальға студенттік инновациялық әлеуметтік маңызы бар жобалар байқауы, «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын» атты студенттік эссе байқауы, «Мен жастарға сенемін!» тақырыбында студенттік поэзиялық азаматтық-патриоттық шығармалар байқауы кіреді.

Фестивальға қатысу тапсырысы және байқау материалдары Ережедегі талаптарға сәйкес 2013 жылғы 15 қарашаға дейін қазылар алқасына ұсынылады.

Байланыс: Ш.Е. Жаманбалаева, тел.: 8 (7273) 773305, 8 701 710 63 70.

Ақпараттық хат