Есептеу жүйесінің келешегін дамыту орталығының өкілдерімен (C-DAC) (Үнді) кездесу өтеді

12 қараша күні Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың бас ғимаратында сағат 15:00-де 259 ауд. зерттеулер мен электроника және іргелес салалар, АТ саласында зерттемелер жүргізу үшін байланыс және ақпарат технологиясы министрлігінің электроника мен ақпарттық технологиялар орталығы болып табылатын Есептеу жүйесінің келешегін дамыту орталығының өкілдерімен (C-DAC) (Үнді) кездесу-тұсаукесер өтеді.

Тұсаукесер 2 бағыт бойынша өтеді:

1. «Ғылыми зерттеулердегі жоғары өнімді есептеулер»

2. «C-DAC технологиясын пайдалана отырып, оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етуді дайындау»

Қатысамын деушілерге есік ашық!

Ресми сайты: http://cdac.in/