Shakhmardan Yessenov Foundation ғылым және білім қоры ҚР азаматы болып табылатын және қазақстандық ЖОО-да білім алатын, техникалық және жаратылыстану-ғылыми мамандығында білім алатын 2-3 курс студенттеріне АҚШ зертханасында тағылымдамадан өту үшін бес грантқа байқау жарияланатынын хабарлайды.
Егер сен:
- Қазақстандық ЖОО-ның 2,3 курс студенті;
- Сенің мамандығың – жаратылыстану-ғылыми немесе техникалық;
- Сен шетелдің белді ЖОО-ларына PhD бағдарламасы бойынша оқуға түсуді армандап жүрсің бе;
- Сенің ғылыми жобаларың және аталмыш салада ерекше жетістіктерің бар ма;
- Сен ғылыммен айналысқың келеді ме және оны дәлелдей аласың ба.
Сенің келесідей мүмкіндігің бар:
- АҚШ-та жұмыс істейтін Қазақстан ғалымдарынан с арапшылық қолдау мен көмек;
- Оқуға түсу үшін тренингтер мен сәйкес дайындықтардан өту;
- Тағылымдама бойынша таңдалған ЖОО-ға түсу;
- Грантқа ие болып, 2014 жылдың жазында АҚШ-қа тағылмдамадан өтуге бару;
Ол үшін қажет:
30.11.2013 ж. дейін:
– Бағдарламаға қатысу үшін өтінімді толтыру;
– Келесі құжаттарды жіберу қажет:
– Жеке куәліктің көшірмесі;
– Сынақ кітапшасының көшірмесі (барлық сессияның);
– Орта білімі туралы аттестаттың, қосымша парақтың көшірмесі;
– Диплом, сертификат, ғылыми жоба байқауларының көшірмесі;
– «PhD дәрежесі маған қажет, себебі…» тақырыбында эссе;
– ЖОО ректоры немесе проректоры атынан мінездеме;
Өтінімді барлық құжаттармен қоса Қордың кеңсесіне жіберу қажет:
050059, Алматы қаласы, «Нұрлы-Тау» БО, блок 4б, 703 кеңсесі.
+ 7 727 349 40 04, + 7 727 349 40 05
f.yessenov@gmail.com, www.yessenovfoundation.org
Өтінімнің қабылданғаны туралы білу үшін мына телефонға хабарласу қажет:
Тел.: + 7 727 349 40 04, + 7 727 349 40 05
және 01.12.2013 ж. дейін іріктеудің бірінші кезеңін өткізудегі нәтижесін күту.
Shakhmardan Yessenov Foundation ғылым және білім қорының Жазғы тағылымдамалары туралы мына сайт www.yessenovfoundation.org арқылы біле аласыздар.