«Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық жүйесін дамыту болашағы мен проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

2013 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Инновациялық университеті «Қазақстан Республикасының қаржы-экономикалық жүйені дамыту болашағы мен проблемалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференцияның мақсаты: жаһандану және әлемдік ықпалдастық жағдайында Қазақстан Республикасының инновациялық дамудың өзекті проблемаларын талдау.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

· Қаржы-экономикалық жүйесін дамыту тарихы: әлемдік және ұлттық.

· Қаржы-экономикалық жүйесін дамытудың әлемдік үрдістері мен ұлттық ерекшеліктері.

· Халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономика мен Қазақстанның рөлі.

· Қаржы және экономикалық тұрақтылық негізінде мемлекеттілікті дамыту мен нығайту.

· Аймақтар мен университеттердің әріптестік байланысының жүйесі: проблемалары мен болашағы.

· Қаржы және экономикалық білім: инновациялық жобалар мен үлгілер.

· Білім беру әдістемелері мен технологиялары: олардың тиімділігі мен ұтымдылығы.

· Қазіргі туризм: үрдістері мен басымдықтары.

Есеп және аудит: жетілдіру жолдары.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Ақпараттық хат