(Ph.D) философия докторы ғылыми дәрежесін алу үшін ізденуші Сапарбек Ерлан «Сейсмикалық аудандардағы қадалы іргетастар мен топырақтардың әрекеттесуін зерттеу» тақырыбында диссертациясын қорғайды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде «6D072900 – Құрылыс» мамандығы бойынша «Сейсмикалық аудандардағы қадалы іргетастар мен топырақтардың әрекеттесуін зерттеу» тақырыбында Сапарбек Ерлан Амангелдіұлының PhD философия докторының ғылыми дәрежесiн iзденуiне диссертациясының қорғауы өтедi.

Диссертация Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университетiнде ғимараттар мен құрылыстарды жобалау кафедрасында орындалған.

Жетекшiсi:

А.Ж. Жүсiпбеков – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, техникалық ғылымдардың докторы.

Ғылыми кеңесші:

Дер-Вен Чанг – Dr. Eng., Тамканг университетінің профессоры (Тайвань).

Пiкiр берушiлер:

В.В. Грузин – техникалық ғылымдардың докторы, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессоры, Астана қаласы,Қазақстан Республикасы;

Т.Е. Жандильдин – доцент, техника ғылымдарының кандидаты, Қазақстан геотехникалық ассоциациясы, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы.

Қорғау Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де 2013 жылдың 30 қарашасында сағат 11.00-де өтедi.

Мекен-жайы: Астана қаласы, Мұңайтпасов, 5, бас ғимарат, 302 ауд.

Университеттің сайты – www.enu.kz.

Аннотация (үш тілде қазақ, орыс және ағылшын)