29 қазан күні «Жайдарлы Жас Ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтеді

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

2013 жылдың 29 қазанында сағат 17.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Концерт залында (Оқу лабараториялық корпусы) «Жайдарлы Жас Ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өткізіледі.

Сайыстың мақсат – өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, жасөспірімдердің шығармашылық және зияткерлік деңгейін көтеру.

Сайыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті 2013-2014 оқу жылына арналған «Өз заманының жаңа қаһармандары» атты «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық Жастар қоғамдық бірлестігі және «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігімен әріптестік меморандумын іске асыру жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.

Көрермен ретінде оқушыларымызға қолдау көрсетуге шақырамыз!

Байланыс: 8 (7172) 709500, ішкі: 31104