2013 жылдың 5 қарашасында ғалым-экономист, Ресей Федерациясының ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, Ресей гуманитарлық ғылымдар академиясының қазіргі мүшесі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Смирнов Игорь Константиновичті еске алуға арналған «Экономикалық құндылықтар философиясы» атты бірінші ғылыми-әдістемелік семинар өтеді.
Семинарға ғалымдар, ҚР ЖОО оқытушылары, магистранттар мен докторанттар және экономика ғылымдары мен экономика пәнін оқытудағы іргелі теоретикалық мәселелер жайында қызығушылық танытқандар шақырылады.
Барлық қатысушыларға сертификат беріледі.
Басталуы: сағат 10.00.
Мекен-жайы: Алматы қ., Сатпаев көшесі, 16, Тұран университеті, 206 ауд..
Байланыс: +7 (727) 2604013, Әбішев Әли Әжімұлы.