Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ атынан «Мәңгі өшпес туындылар» атты кино апталығы ұсынылады

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бірлесе «Мәңгі өшпес туындылар» кино апталығын ұсынады.

2013 жылдың 21-25 қазан аралығында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың №5 Студенттер үйінің кинотеатрында бір апта бойы әйгілі тарихтан сыр шертетін кинотуындылар көрсетілетін болады.

Кинокөрсетілімдер ағымдағы жылдың 25 қазанында өтетін Қазақстан тарихшыларының ІІ конгресінің съезі аясында көрермендерге жол тартпақ.

Айта кететін жәйт, кино апталығы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың тарих факультетінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылып отыр.

Өтетін орны: М. Жұмабаев көшесі, 14/1, №5 Студенттер үйі

Баспасөз өызметі: +7 (7172) 709 548, +7(7172) 709500 (31116, 31118 – ішкі.).