«Қазақстанның даму тарихы мен қазақ мемлекеттілігі қалыптасуының өзекті мәселелері: жаңа дерекнамалар мен қазіргі әдіснамалық тәсілдемелер» атты республикалық конференция

2013 жылдың 22 қазанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Қазақстанның даму тарихы мен қазақ мемлекеттілігі қалыптасуының өзекті мәселелері: жаңа дерекнамалар мен қазіргі әдіснамалық тәсілдемелер» атты республикалық ғылыми-теоретикалық конференция өтеді.

Конференцияның мақсаты – жаңа дерекнамалар мен қазіргі әдіснамалық тәсілдемелер арқылы Қазақстанның даму тарихы мен қазақ мемлекеттілігі қалыптасуының өзекті мәселелерін талқылау, дәріптеу, насихаттау.

Форумның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Халық келісімі» қоғамдық қоры. Ғылыми-әдістемелік қолдауды «Алаш» мәдени және рухани даму институты, «Еуразия» ғылыми-зерттеу орталығы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы ЮНЕСКО кафедрасы мен Қазақстан халқы ассамблеясы көрсетіп отыр.

Конференция жұмысына атақты қоғам және мемлекет қайраткерлері, ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары, ғалымдар мен мектеп ұстаздары, студент-жастар және т.б. қатысады деп күтілуде.

Форум бағдарламасында тақырыптық фото көрмелер ұйымдастырылмақ.

Өтетін орны: Пушкин көшесі, 12, 104 аудитория, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Отырар» ғылыми кітапханасы.

Басталуы: сағат 10.00.

Байланыс: +7 (7172) 709548, +7 (7172) 709500 (31116, 31118 – ішкі.), +7 702 3636005 – Ляйля Рахманова.