Профессор Алекс Шварцтың дәрістеріне шақырамыз (Нью-Скул университеті, Нью-Йорк, АҚШ)

Алекс Шварц – Нью-Скул университетінің профессоры және Қала саясаты сараптамасы мен менеджменті департаментінің төрағасы, Нью-Йорк қ., АҚШ. Нью-Скул университетінің негізі 1919 жылы қаланған, бакалавриат, магистратура және докторантураның 130 бағдарламасы бойынша жылына 10 000-нан астам білім алушыларды қабылдайды. Онда ғылыми жобалардың нәтижелері негізінде жүргізілетін біріккен және пәнаралық оқыту үрдісіне баса назар аударылады. Профессор А.Шварц жоғарғы импакт-факторлы журналдың (1,024) «Housing Studies» жауапты редакторы болып табылады. Профессордың ғылыми саласы: қолжетімді тұрғын үй бағдарламалары, жылжымайтын мүлікке реинвестиция, АҚШ пен Ұлыбританияның тұрғын үй саясатына салыстырмалы талдау, тұрақты қалалық даму, жоспарлау мен менеджмент. Доктор А. Шварц Орталық және Шығыс Еуропаның, Латын Америкасының және Орталық Азияның 20-дан астам елдері бойынша Бүкіләлемдік банк, Еуропа Кеңесі мен БҰҰ-ның жобаларына қатысады. 25 кітап пен монографиялардың; қала және тұрғын үй саясаты, регенерация, тұрақты қалалық даму бойынша халықаралық ғылыми басылымдарда жарық көрген 70-тен астам мақаланың авторы.

Профессор А. Шварцтың кітабы (Housing Policy in the United States: 2nd Edition (New York: Routledge, 2010)) АҚШ университеттерінде, мәселен Корнелл университеті мен Техас университетінде, жүргізілетін тұрғын үй саясаты мен тұрақты қалалық даму бойынша модульдердің негізгі және міндетті әдебиеттер қатарына жатады. Ол халықаралық дәрежедегі ғалымдарға ұсынылатын бірнеше айтулы марапат-сыйлықтардың иегері, атап айтқанда Killam Fellowship, Urban Studies Fellowship, Sasakawa Scholarship, International Peace Scholarship және British Council Award. Соңғы 25 жылдың ішінде ол Швецияның, Шотландияның, Латвияның, Нидерланды Корольдігінің, Австрияның, Болгарияның және Қытайдың әйгілі университеттерінде қала мен тұрғын үй саясаты және тұрақты қалалық даму саласында шақырылған профессор ретінде дәріс оқыды. Доктор А. Шварц пен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ынтымақтастығының негізі – журналистика және саясаттану факультетінің саясаттану кафедрасының 2 курс докторанты Д.О. Салиеваның шетелдік ғылыми кеңесшісі ретінде қызмет атқаруға берген профессордың келісімі. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың шақыртуы бойынша профессор А. Шварц қазан айының 18-26 аралығында келесі тақырыптарда ағылшын тілінде дәрістер оқиды:

Күні Date

Уақыты Hours

Іс-шара түрі, аттары/Type of activity(lecture, seminar, consultation etc.), theme

Ғимарат, аудиториясы/Сampus, Room

19/10

10.00

Семинар:/Research workshop: Tax Policy and Housing/ An Overview of US Housing Policy

106 ауд., №4 ғимарат (ЖжСФ)

21/10

10.00

Лекция:/Lecture: Impact of Housing Crisis on Social Housing in US & UK

302 ауд., бас ғимарат

21/10

14.00

Кеңес беру:/Consultation: How to publish in a peer-reviewed journal?

302 ауд., бас ғимарат

22/10

10.00

Лекция:/Lecture: Lessons of Housing Benefit Program for US

106 ауд., №4 ғимарат (ЖжСФ)

23/10

10.00

Лекция:/Lecture: State and Local Housing Policy in the United States

106 ауд., №4 ғимарат (ЖжСФ)

24/10

10.00

Лекция:/Lecture: The Strengths and Weaknesses of Supply vs. Demand-Side Housing Policies in the U.S.

106 ауд., №4 ғимарат (ЖжСФ)

Сонымен қатар саясаттану кафедрасының докторанттарына арналған профессор А.Шварцтың кеңестері жоспарланған.

Барлық сұрақтар бойынша Динара Оңғарбайқызы Салиевамен хабарласуға болады: 8 775 926 09 40.