«Қазақстан патриоттарын өсірудеміз» атты ұранымен ұлттық және мемлкеттік жоғары оқу орындары арасында ұлттық спорт түрлері бойынша үздік оқу-әдістемелік құралға байқау жарияланады

«Жас қыран» әскери-патриоттық бірлестіктерінің республикалық дамыту орталығы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Қазақстан патриоттарын өсірудеміз» атты ұранымен ұлттық және мемлкеттік жоғары оқу орындары арасында ұлттық спорт түрлері бойынша үздік оқу-әдістемелік құралға байқау жариялайды.

Байқау материалдарын қабылдау 2013 жылдың 1 қазанынан басталып, 2013 жылдың 21 қазанында (сағат 17:00-ге дейін) аяқталады.

Мерзім соңынан жіберілген және байқау шарттарына сай келмейтін байқау материалдары қабылданбайды және қарастырылмайды. Байқау қорытындысы 2013 жылдың 31 қазанында жарияланады.

Байланыс:

Иржигитова Гульшат – 8-702-735-08-38

Абдрахманова Балжан – 8-777-521-11-56

Байқау бағдарламасы