4 қазанда Францияның білім беру бағдарламаларының тұсаукесері өтеді

Франция ЖОО-ларына қалай түсуге болады? Грантқа қалай ие болуға болады? Бұл туралы Франциядағы білім жөніндегі үйлестіруші Айгүл Хамитова айтып береді.

Тұсаукесер барысында келесі сауалдарға жауап ала аласыздар:

– шәкіртақылар

– гранттар

– алмасу бағдарламалары

– тағылымдамалар

– қабылдайтын ЖОО-лар

– Францияның білім беру жүйесі

Өтетін орны: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың бас ғимараты, 303 ауд.

Өтетін уақыты мен күні: 4 қазан, сағат 15.00-16.00.

Барлық сұрақтар бойынша халықаралық бағдарламалар бөліміне хабарласуларыңызға болады: +7 (7172) 709500 (ішкі: 31405) – Салтанат Ерболатова