24-26 қазанда «Қазіргі заманғы математика:проблемалары және қолданыстары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

2013 жылғы 24-26 қазанда белгілі ғалым, академик А.Д. Таймановтың ғылыми-педагогикалық қызметіне арналған «Қазіргі заманғы математика:проблемалары және қолданыстары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Академик А.Д. Таймановты еске алу іс-шаралары аясында ғалым атындағы дәрісхананың ашылуы және оның мүсінінің орнатылуына орай салтанатты жиын болады.

Конференция жұмысына Қазақстаннан және алыс-жақын шетелдерден 40 шақты ғылым докторлары, белгілі ғалымдар, солардың ішінде М.В. Ломоносов атындағы ММУ ректоры ф-м.ғ.д., профессор, РҒА академигі В.А. Садовничий, Ресей Федерациясының Новосібір Мемлекеттік университетінің профессоры, ф-м.ғ.д, РҒА академигі И.А: Тайманов қатысады деп күтілуде.

Аталмыш конференцияға ЖОО-ның оқытушы-профессорлар қауымын қатысуға шақырамыз.

Материалдарды жіберетін мекен-жай: 120014, Қызылорда қ., Әйтеке би, 19-А, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.

Байланыс: 8 (7242) 27-62-11 – ғылыми жұмыстар және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Ү.Ж. Щалболова. 8 (7242) 27-48-02 – ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімінің бастығы Ғ.А. Шонбаева.

E-mail: taymanov013@mail.ru, galyia_k@list.ru .