Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Денсаулық орталығы» білім алушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырады

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында диагностикалық ауруларды алдын алу, студенттерге сапалы емделу мен профилактикалық сауықтыру іс-шараларын өткізуде, жалпы студенттерге сапалы амбулаториялық-емханалық медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін ұйымдастыру мақсатында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Денсаулық орталығы» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес құрылған.

«Денсаулық орталығы» Ғылыми кеңестің шешімі негізінде құрылған және 2011 жылдың 13 желтоқсанынан бастап жұмыс істейді.

«Денсаулық орталығы» келесі қызметтерді көрсетеді:

1. Алғашқы медициналық көмек

2. Дәрігерге дейінгі көмек

3. Алғашқы дәрігерлік көмек

«Денсаулық орталығының» дәрігерлері дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-дан 18.00-ге дейін (үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін) қызмет көрсетеді.