«2013-2015 жылдарға арналған «Халықаралық ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар» бағдарламасы бойынша жобалар

Ғалымдар назарына!

ҚР БҒМ Ғылым комитеті Беларус Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Украинамен “Халықаралық ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар” бағдарламасы бойынша біріккен жобаларды іске асыруға сәйкес шет елдермен Қазақстан Республикасының қосымшада көрсетілген ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың басым бағыттарына сәйкес жобаларды ұсынуын сұрайды.

Осыған байланысты Ғылым және инновация департаменті Беларус Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Украинамен ынтымақтастықтың басым бағыттарына сай 2 қосымшаға сәйкес рәсімделген ғылыми жобаларды Ғылыми-техникалық бағдарламалар бөліміне (406 каб., 246 каб., тел.: 31375, 31291) екі данасын (CD дискіде электронды нұсқасын) 2013 жылдың 18 шілдесіне дейін тапсыруларыңызды сұрайды.

Қосымша:

Беларус Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Украинамен ынтымақтастықтың басым бағыттары

Жобаларды рәсімдеу талаптары