Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 2013 жылғы 4 қазанда з.ғ.к., профессор, әділет генерал-майоры, КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Бейсенов Бәрімбек Сәрсенұлының 90 жылдығына арналған «Қазіргі заманғы ғылымның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференция жұмысы төмендегідей секциялар бойынша өткізіледі:
1. Мемлекеттік-құқықтық даму: жетістіктері мен болашағы;
2. Қылмыстық, қылмыстық-атқару заңнамасын және криминологияны жетілдірудің мәселелері мен болашағы;
3. Заңнаманы жетілдірудің қылмыстық-процессуалдық және криминалистикалық аспектілері;
4. Мемлекеттік басқару, әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет проблемалары;
5. Қазіргі кезеңде мемлекеттің саяси жаңғыруы және әлеуметтік-экономикалық дамуы;
6. Жеке тұлғаның, мемлекеттің және қоғамның қауіпсіздігі мен дамуының құқықтық және жалпытеориялық негіздері.