28 маусымда бұрынғы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін 1983 жылы бітірген түлектердің кездесуі өтеді

2013 жылдың 28 маусымда Жоғарғы оқу орнын аяқтағанға 30 жыл толуына орай бұрынғы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін 1983 жылы бітірген түлектердің кездесуі өтеді.

Салтанатты кездесу сағат 11.30 – да, Астана қ., Янушкевич көш., 6, Әлеуметтік ғылымдар факультетінің 106-шы аудиториясында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бұрынғы С.Сейфуллин атындағы Целиноград мемлекеттік педагогикалық институты мен Целиноград инженерлік құрылыс институты біріктіру туралы 1996 жылдың 23 мамырындағы Жарлығымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университеті құрылған болатын және 2001 жылы Ұлттық университет мәртебесін иеленген.