27-28 мамырда «Жоғары оқу орындарына арналған стратегиялар: Глокальды қарастыру тәсілдері» атты халықаралық семинар өтеді

Өткізілетін күні: 2013 жылғы 27-28 мамыр

Өткізілетін орны: «Rixos Lake Borovoe» қонақ үйі

Бүгінгі күні жоғары оқу орындары басшыларының алдында жергілікті деңгейдегі білім қызметі мен ғылыми зерттеулердің сапасын жақсарту міндеттері ғана емес, сонымен қатар жаһандық деңгейде танымалдықты арттыру, ілгерілету міндеттері тұр. Университет қызметін өлшеуде маңызды құрал болып табылатын – ЖОО-ның әлемдік рейтингінде менеджмент пен тұрақты дамуды жақсарту саясатына да ықпалын тигізеді. Бұл бүгінгі таңда серпін алып отырған бәсекелестік контекстінде жаңа талаптар сұранысына жаһандық және жергілікті тәжірибелердің байланысын жобалауға икемді глокальды қарастыру тәсілдері негізінде жауап бере алатын стратегияларды тиімді іске асырудың қажеттігін тудырады.

Осыған орай, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті QS Quacquarelli Symondsпен бірлесе отырып, алғаш рет ЖОО-ның басшыларына арналған тұрақты даму, интернационалдандыру және инновациялық менеджмент мәселелері бойынша танымал халықаралық сарапшылармен байланыс орнатуға бірегей мүмкіншілік тудыратын, «Жоғары оқу орындарына арналған стратегиялар: глокальді қарастыру тәсілдері» атты халықаралық семинар өткізеді.

Семинар бағдарламасы дәрістерден, жаттығулардан, зерттеу кейстерінен және пікірсайыстардан тұрады.

Семинар тақырыбы

Заманауи контекстте әлемдік деңгейдегі университет құру: үндеулер, мүмкіндіктер және стратегиялар;

Университеттердің тұрақты дамуы;

Университеттердің әлемдік рейтингі: QS және басқа рейтинг ұйымдары;

Халықаралық білім беру шаралары мен жобалары;

Университеттің Веб-сайты – халықаралық имидждің бір көрінісі;

Университетті интернационалдандырудың тілдік аспектілері;

Рекрутер жазбалары: университетке халықаралық деңгейдегі танымал маманды тарту және тұрақты түрде қалдыруды қалай жүзеге асыруға болады?

Семинардың жұмыс тілі

Ағылшын тілі (синхронды аударма қарастырылған)