20 мамырда ЕҰУ-дың Журналистика және саясаттану факультетінде «Қозы мен Баян» күніне арналған «Махаббат – мәңгілік жыр» атты сазды кеш өтеді

2013 жылдың 20 мамыр күні сағат 16.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінде «Қозы мен Баян» күніне арналған «Махаббат – мәңгілік жыр» атты сазды кеш өтеді. Осымен екінші жыл дәстүрлі түрде студенттердің өз ықылас, қызығушылықтарымен ұйымдастырылып келе жатқан мерекеге 7 жұп қатысады. Қазақ тарихындағы «Еңлік-Кебек» жыры, Алаш қайраткерлерінің асыл жарлары, сондай-ақ әдеби шығармалардағы көркем бейнелер сахналанбақшы.

Жастардың бойына талай ұрпаққа аңыз болған ғашықтар ұлағатын сіңіруге, адалдық пен шынайы сүйіспеншілікті қадірлеуді үйретуге, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған бұл шараның маңызы өте зор. Сонымен қатар ұлттық Ғашықтар күнін қалыптастыруға да септігі тиері сөзсіз.

Кеш қорытындысында «Ең жарасымды жұптар» анықталып, оларға арнайы сыйлықты былтырғы осындай мерекелік шараның жеңімпаздары табыс етеді.

Өтетін орны мен уақыты: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінің акт залы (Астана қ., Янушкевич көшесі, 6). 20 мамыр, сағат 16.00-де басталады.

Анықтама үшін телефон:

Айжан Қасымова – 8-775 492 4110