2 мамыр күні «ТМД елдеріндегі қылмыспен күрес мәселелері» тақырыбында Халықаралық дөңгелек үстел өтеді

Дөңгелек үстелге Потсдам университетінің (Германия), РФ Ішкі Істер Министрлігінің, О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу мемлекеттік заң университетінің өкілдері, Ресей мен Қазақстанның көрнекті ғалымдары және министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысады.

Дөңгелек үстел аясында қазіргі кезеңдегі қылмыспен күрес және оның алдын алу шараларын ұйымдастырудың өзекті мәселелерін, қолданыстағы заңнама мен халықаралық ынтымақтастықты жетілдірудің жолдарын қарастыру жоспарланып отыр.

Қылмыспен күрес мәселелерімен айналысатын тәжірибелік қызметкерлер мен ғалымдарды дөңгелек үстелдің жұмысына қатысуға

шақырамыз.

Дөңгелек үстел қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерінде өткізіледі.

Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы – ЕҰУ заң факультетінің қылмыстық құқықтық пәндер кафедрасы (Балтабаев К.Ж. тел.: 8 701 511 9866, Муратханова М.Б., тел.: 8 701 775 5794).

Өтетін орны мен уақыты: Оқу-әкімшілік ғимарат (259 ауд.) сағ. 10.00-де басталады. Қатысушыларды тіркеу уақыты – сағ. 9.30-де.

Ақпараттық хат