2013 жылдың 28 маусымында ЕҰУ-де белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Ғаділбек Мінәжұлы Шалахметовтың мерейтойы құрметіне «БАҚ. Билік. Қоғам.» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді

2013 жылы 9 маусымда белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, публицист, бұрынғы ҚазССР Мемтелерадио төрағасы, ҚР Президенті баспасөз қызметінің бірінші жетекшісі, Мәскеудегі «Мир» мемлекетаралықтелерадиокешенінің негізін қалаған, ҚР Парламент Мәжілісінің III шақырылымының депутаты, қазіргі таңда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Ғ.М.Шалахметов 70 жасқа толады.

Конференция мақсаты:

Сараптама үрдісі және БАҚ-пен өзара әрекеттестік келешегі, билік пен қоғамның заманауи кезеңі;

Электронды БАҚ-тағы жиналған тәжірибенің қызметі;

БАҚ-ты дамытудың өзекті мәселелеріне талдау;

Этнос өкілдері арасында бейбітшілік пен келісім қалыптастырудың БАҚ-тағы рөлі және т.б .

Конференция барысында БАҚ саласында ғалымдар, компания жетекшілері, ҮЕҰ өкілдері, журналистер мен саясаткерлер өзара тәжірибе алмасады..

Конференция қазақ, орыс және ағылшын тілінде өтеді.

Конференцияға қатысушылар ұйымдастыру комитетіне 16 – мамырға дейін:

1.Ұсынылған үлгідегі қатысу өтініші;

2. Баяндама мәтінін жіберулері тиіс.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан, 010008, Астана қ., Қ.Мұңайтпасов, 5. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Байланыс:

Қаусылов Данияр Алтынбекұлы 8 (7172) 70-95-13

8 (7172) 709-500 (ішкі.тел. 31-105)

Қожагелдиева Раушан Жанабайқызы 8 (7172) 70-94-83

8 (7172) 709-500 (ішкі.тел. 31-350)

Ақпараттық хат